Азаматтық қорғау саласында жаттығулар мен машықтанулар
«Алматы облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 9 желтоқсан күні Ақсу аудандық азаматтық қорғанысы бастығы-Ақсу ауданының әкімі Е.Базархановпен бекіткен Ақсу ауданының аумағында 2021 оқу жылына азаматтық қорғау саласында жаттығулар мен машықтанулардың өткізілу жоспарын орындау мақсатында өрт кезіндегі эвакуациялық оқу-жаттығулар өткізілді. Мақсаты: төтенше жағдай орын алған уақытта мұғалімдер, кіші қызметкерлер мен оқушыларды қорғануға үйрету.