«Қамқор ана, қайырымды бала, мейірімді қоғам» » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
январь
2020

«Қамқор ана, қайырымды бала, мейірімді қоғам»

30.01.2020 жылы   мектебімізде  2020 жыл Қаңтар-мамыр  аралығында  өтетін «Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасы  негізінде «Қамқор ана, қайырымды бала, мейірімді қоғам» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.   Акцияның мақсаты жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту болып табылады.  Іс –шара басында мектеп директоры К.Сыдыковаға сөз берілді. Бұл іс-шара Қамқоршылық кеңесі төрағасы Дуйсебеков Садыхан, мүшелері Мұқатаев Асқар, Нәсілбек Әділнұр, Бұланбаева Қамарбанудың бастамасымен  жасалынып, мектеп оқушылары мен мектеп әкімшілігі ата-аналар мен ұстаздарға арнап шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сондай-ақ   қайырымдылық акциясына мектебімізге үнемі демеуші болып, қолдап жүретін демеушілер ауыл кәсіпкері Қорабаева Назира, ауыл депутаты Бармаков Сабит, Қапал ауылдық мешітінің бас имамы қонақ ретінде шақырылды.

Концерт барасында  оқушылар өлең айтып, би билеп, Ұлы дала ұрпағы  Республикалық байқауында бас жүлдені ұтып алып, Дарынды шәкірт төсбелгісімен марапатталған және Өзбекстан Республикасына жолдама алған шәкірттеріміз Байқожа Ерасыл мен Байқожа Нұрасыл өнерлерін көрсетті.

Қамқорлық – көмек қажет ететін жандарға білдірілетін сүйіспеншілік пен көмек. Бұл ізгіліктің белгісі. Қамқорлық жасаушы адамның жүрегі кең, пейілі таза болады. Қамқорлық адамның өзгелерге деген  ыстық ықыласын білдіреді. Әрдайым бір-бірімізге көмектесіп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын соза білейк деген мақсатпен,  «Мейірімділік  алақан» жәшігі  қойылды.

Акцияға келіп қатысқан қонақтар мен ата-аналарға арнап оқушылар қолымен жасалынған бұйымдардан және кітап көрмесі жасалынып, қойылды.

Концерт соңында Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Темирханова жиналыс жасап, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, талдап өтті. Мектеп медбикесі Г.Есимбекова  қазіргі күні үлкен проблемаға айналып отырған коронавирус туралы баяндамасын оқып, оның белгілерін және алдын алу жолдарын айтып өтті. 







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив