05
май
2025
"Әскердегі сарбазға хат" акциясы
Әскердегі сарбазға хат жазу- бұл тек қана параққа жазылған сөздер емес, бұл жүректен шыққан ізгі тілек, құрмет пен ризашылықтың көрінісі.
"Әскердегі сарбазға хат" акциясы аясында мектебіміздің оқушылары Отан қорғаушыларға арнап жүрекжарды хаттарын жолдады.
Бұл хаттар - сарбаздарға деген құрмет пен алғыстың, елге деген сүйіспеншіліктің белгісі ғана емес, сондай-ақ ел болашағына сенім білдірудің айқын дәлелі.
Осындай игі бастамалар оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, елін, жерін сүюге тәрбиелейді.
Ұйымдастырушы: С. Темирханова
@aibol_kassenov
@arai_baurjanovna