12
апрель
2023
"Зорлық-зомбылықтың алдын алу"
«Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12 сәуір күні "Зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында ата-аналар мен оқушыларға жиналыс өтті.
Мақсаты:
Балаларға қатыгездікпен қарау мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын алуда ата-ананың міндетін түсіндіру.
Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін ұғындыру. Оқушыларға өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуіне ықпал ету.
Өткізген:
Педагог-психолог Р.Толкынбаева
Медбике Г.Есимбекова
@aksu_bilim_bolimi20