23
май
2024
«Үздіктер шеруі»
Бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан- жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылады. Соның бірі - жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздіктер шеруі» мерекесі.
Мереке мақсаты - мектеп абыройын аудан, облыс, республика деңгейде асқақтасып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де, талантты шәкірттерімізді мақтан ете отырып марапаттау.
Жылдағы дәстүр бойынша мектебімізде 22.05.2024ж «Үздіктер шеруі - 2024ж» болып өтті. Оған Қазақстан жылдан - жылға ақылмен гүлденеді деп түсінетін, сапалы білім алудың маңыздылығын ұғынатын, білімге ұмтылатын оқушылар қатысты. Президент жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында «Білімді жастар – Қазақстанның болашағы» жастарына екпін берді. Балалар үздік оқығаны үшін мадақтамалармен марапатталды.
Келесі оқу жылында үздіктер саны артады деген үміттеміз.