15
ноябрь
2023
ұлдар "Айбын" клубы
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру—деген мақсатпен бүгін 15.11.2023ж
8-11сынып ұлдар "Айбын" клубымен
Ақсу АПБ-нің ЖяПҚБ-нің ЮПТ-нің
қызметкерлері Иманкулов Аслан капитан полиция және Бакуашев Дидар Капитан полициясы окушыларымен нашақорлыққа, бопсалау, сонымен қатар суицид, жыныстық қол суғушылыққа қарсы алдын -алу жұмыстарын жүргізді.
Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аласымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сенеміз.
#Birtutas_tarbie
#Біртұтас_тәрбие