Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығы » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2023

Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығы

Ата-аналар педагогикалық қолдау орталығы 
Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу
  2023 жылдың 28 қараша күні "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"  ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту мақсатында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен сабақ өткізді. 
  Сабақ барысында жиналысқа келген ата-аналар ұлы ақын Абайдың “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінің негізгі тірек сөздері болып саналатын “Талап”, “Еңбек”, “Терең ой” сөздері бойынша үш топқа бірікті. 
  Ата-аналар “Балаңыздың мектеп бітіргенде қандай болғанын қалайсыз?”, “Ата-ана баланы дербестікке тәрбиелеу үшін қандай амалдарды қолдана алады?” секілді сұрақтар барысында ой-пікірлерімен бөлісті. 
  Ата-аналар топта жұмыс жасай отырып, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Кесте толтырды. 
 ”Тепе теңдік дөңгелегі” атты тапсырмада ата-аналар қағазға шеңбер сызып, оны бірнеше секторға бөлді.  Әр секторды он бөлімге бөліп, баланың өмірінде маңызды орын алатын салаларды атады. Мектеп- ата-аналары “Білім”, “Денсаулық”, “Қоршаған орта”, “Хобби”, “Рухани даму” деп аталатын балаға маңызды өмір салаларын жазды. 
  Жиналыс соңында ата-аналар рефлексия кезінде өздеріне ұнаған қызықты сәтті атап, келесі де осындай мақсаттағы сабақтар өз жалғасын тапса екен деген тілек білдірді. 
  Бүгінгі жиналысқа қатысқан барша ата-анаға мектеп ұжымы  өз алғысын білдіреді.  Болашақта бала өмірінің жарқын болуына ата-ана мен мектеп бірдей үлес қосу керек. Осы жолда бірлігіміз нығайып, ұйымшылдығымыз ажырамасын.
#Біртұтас тәрбие 
#Тәрбие саласы
#Ата_аналарды_қолдау_орталығы




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив