25
июль
2023
мектепке жол
Құрметті Капал ауылының тұрғындары, мектеп түлектері, ауыл азаматтары, шаруа қожалығының иелері мен кәсіпкерлер! 2023-2024 оқу жылының басталуы қарсаңында аз қамтылған, жартылай жетім және көп балалы отбасы балаларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуын жариялаймыз!
Мектебіміздегі түрлі әлеуметтік топтағы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік тұрғыдан қамқорлық көрсетуге атсалысамын деген азаматтар болса хабарласуларыңызды сұраймыз!
Байланыс телефоны: Әлеуметтік-педагог:Семизбаева Алмагуль Ерболатқызы 87714910069