Мектеп асханасы ІІ жарты жылдық » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
06
January
2020

Мектеп асханасы ІІ жарты жылдық

Мектебімізде 2019-2020 оқу жылының ІІ жарты жылдығынан бастап 60 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Олар көп балалы, аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылар.  Қаңтар-мамыр айларына ыстық тамаққа 2553000 мың теңге бөлінді, бір балаға, бір күндік тамағына 450 тг есептелді.

Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған. Комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия төрағасы мектеп директоры.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогы түрі – асхана.

Отыратын орындар саны 42 орын.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын ғимарат жиналып, жұма күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер болады.

Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады.

        Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісірілген тағамдар  мен шырындар сатылады.

Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.

Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада houseжағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив