оқуға құштар мектеп жобасы
16.11.2023ж Мектеп кітапханашысы Қ. Балғабекова мен пед. ұйымдастырушы С. Темирханова 8-9сынып оқушыларымен оқуға құштар мектеп жобасы аясында "Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын"атты әдеби кеш ұйымдастырып өткізді. Кештің мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. #Birtutas_tarbie #Біртұтас_тәрбие