Мектеп тарихы » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
26
April
2017

Мектеп тарихы

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектеп тарихы


Қапал ХIХ ғасырдың 40-шы жылдарындағы патша үкiметiнiң қазақ жерiн отарлау саясатын жүзеге асырып, бекiнiстердiң бiрi ретiнде негiзi қаланған. Осы бекiнiс ұлғая келе,1860-шы жылдары қала дәрежесiне жеткен. Оны қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың Қашқарияға сапары алдындағы күнделiгiнен бiлуге болады. Онда былай деп жазған; «Мен Қапал қаласының 40 шақырым Қарамола деген жерде Қашқарияға баратын керуенге барып қосылдым».
Осы Қапал қаласында орыс солдаттарының балаларын оқытуға арналған «Приходская школа» болды. Және 1847 жылы Қапал қаласында қазақ балалары үшiн әзiрлiк пансионы ашылғаны архив құжаттары арқылы дәлелденiп отыр. /ОММ 44-қор, 1-тiзбе,37226-қатар/
Осы әзiрлiк пансионында оқыған алғашқы балалары Барлыбек және Тұрлыбек Сырттановтар едi. 1890-шы жылдары Қапалда «Туземная школа» және «Якобия» атты қыздар медресесi болды. Фатима Ғабитова осы медреседе оқығаны бiзге белгiлi.
Саяси қуғын-сүргiннiң құрбаны болған, халқымыздың аяулы ұлдарының бiрi Бiләл Сүлеев 1917 жылдары бұл медресеге жетекшiлiк етiптi.
Кеңес үкiметi орнағаннан кейiн 1926 жылы Қапалда татар мектебiнiң негiзiнде бастауыш мектебi ашылып, ол 1930 жылдары 7 жылдық орталау мектебi болып үлкейдi. Сабақ татар тiлiнде жүргiзiлдi. 1920-1930-шы жылдары бүкiл Қазақстанда ересектер арасында сауатсыздықты жою науқаны жүрiп жатқанына байланысты 1930 жылы Қапалда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылып, 15-50 жас арасындағы ересектердiң сауатсыздығын жоюда белгiлi роль атқарған.
1932 жылы Қапал орта мектебi ашылып, алғашқы директоры Маловичко Лаврентий Абромович тағайындалды.
1933-1934 жылдары Бекташев Саубан Мұхаметұлы Қапалдағы Қапал орта мектебiнiң iргетасын қалауға өзiнiң көп үлесiн тигiздi.
Сондықтан қара шаңырақтың iргесiн қалаған Саубан Мұхаметұлының есiмiн әрқашанда ұмыта алMayмыз. Саубан Мұхаметұлының кiтапханасы өте бай болған. Бiрақ осы кiтапхананың өзi Саубан Мұхаметұлына соққы болып тиедi. 1937 жылы шiлде айында НКВД-ның бiраз адамдары келiп, Бекташев Саубан Мұхаметұлы халық жауы деп айыптап түрмеге әкетеді.
1936-1937 жылдары қазақ және орыс мектептерi қосылып аралас мектеп болады. 1948 жылдан «Қапал сегiзжылдық мектебi», «Қапал орта мектебi» болып атана бастады. 1949 жылы Қапал орта мектебiнде мұғалiмдердiң 2-шi аудандық конференциясы болып өтедi.
1972 жылы қазiргi аталмыш мектептiң 320 орынды ғимараты салынып, Қапал орта мектебi жаңа ғимаратқа көшiрiледi.1978-1979 жылдары Қапал орта мектебiне Ғ.Орманов атындағы орта мектеп атағы берiледi.
Ал Қапал ауданында халық санының өсуiне байланысты 1981-1982 оқу жылында Қапал орта мектебi 2 мектепке бөлiнедi;
1. Қапал сегiзжылдық мектебi
2. Ғ.Орманов атындағы орта мектеп.
Тек 1989 жылдан бастап Қапал орталау мектебі қайта орта мектеп статусын алды. 1997 жылы 21 - ші мамырда онамастика шешімі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, белгілі театр және кино актері Есболған Жайсаңбаевтың есімі берілді. Қазіргі уақытта Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектепте 391 оқушы, 45 мұғалім еңбек етеді. Оның 57 - оқу озаты, 88 оқу екпіндісі. 45 мұғалімнің 40-ы жоғарғы білімді, 3-і арнаулы орта білімді, 2 орта білімді мұғалімдер.
Әр жылдары мектепті басқарған директорлар



Маловичко Лаврентий Абрамович - 1932-37 ж
Байтуғанов Айтмухамбет-1937-40 ж
Денисенко Григорий Иванович-1940 -42ж
Еркимбеков Ерғали-1942-45 ж
Жексекұлы Баймұханбет-1945-48 ж
Кузнецов Петр Александрович-1948-50ж
Кектитебеков Н-1950-52ж
Баймулдин Г-1952-54ж
Арынова Балапан Арыновна-1956-59 ж
Афонин Иван Семенович-1959-60 ж
Афонина Нина Алексеевна-1960-62 ж
Дамуллин Исмағұл Гереевич-1962-70 ж
Петерс Эмиль Федорович-1970-72 ж
Вольховская Надежда Андреевна-1972-78 ж
Хусайынов Диқанбай Құсайынұлы-1978-85 ж
Тұрғанбаева Шарбану БайжоMarchовна-1986-87 ж
Петерс Анатолий Вальтерович-1987-88 ж
Далибекова Макира Айтжановна-1988-96 ж
Борантаев Есiмжан Уалиұлы-1996-1999 ж
Көкенова Әлия Абаққызы-1999-2007 ж
Бегалин Талап Ақылұлы 2007
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив