04
May
2023
"Жігіт сұлтаны"байқауы
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсанында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Исаевтың және АӘД пән мұғалімі М. Досатаевтың ұйымдастыруымен 4.05.2023ж "Жігіт сұлтаны"байқауы өтті.
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нығыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттермен таныстыру. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу
Байқау кезендері
І-кезең "Мен қазақтың ұлымын" таныстыру
ІІ-"Сегіз қырлы бір сырлы"өнер сайысы
ІІІ-"Білгенге маржан"қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптар аясында танымдық сұрақтар
ІV-"Күш атасын танымас"күш сынасу
V-"Шебердің қолы ортақ"houseтапсырмасы
Байқау бойынша қатысқан оқушылар марапатталды.
Бас жүлде-8а сынып оқушысы Рахымқазы Шыңғыс
Іорын-10ә сынып оқушысы Еркінәлі Ақеділ
ІІорын-9а сынып оқушысы Махмет Даниял
ІІІорын-8ә сынып оқушысы Сәнуәр Еділ
@aksu_bilim_bolimi20
@kapalakimdigi