02
April
2025
«Кітап ғажап әлем»
«Кітап ғажап әлем» 2 сәуір Халықаралық Балалар Кітабы күніне
м ә л і м е т
Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектеп кітапханасында «Кітап ғажап әлем» 2 сәуір Халықаралық Балалар кітабы күніне орай ашық есік күні ұйымдастырылды. 1 «А» сынып оқушыларына кітап күнінің маңыздылығы және балаларға кітап оқудың қажеттілігін дәріптеу мақсатында «Кітап патшалығына саяхат» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастап дат жазушысы Ганс Христиан Анднрсеннің туылған күніне орай 2 сәуір – балалар кітабы күні болып жарияланған. Андерсен балалар кітабын жазуға баға жетпес үлес қосты, ол әлемге өзінің туындыларын көптеген әдемі ертегілерін сыйлады. Шара барысында Халықаралық кітап күнінің тарихы, Г.Х.Андерсеннің өмірбаяны және оның керемет ертегілері туралы көптеген қызықты мағлұматтар берді. Қатысушылар назарына қазақ, орыс, шетел балалар жазушыларының шығармаларымен ертегілері насихатталды.

