02
October
2023
"Кітап - біздің досымыз"
"Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектеп" кітапханасы
«Окуга куштар мектеп» жобасы аясында "Кітап - біздің досымыз" атты кітапханаға саяхат
мектепалды даярлық тобымен жасалды. Кұрметті балалар, бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жайында болмак, себебі біз кітапханада, кітаптар арасында отырмыз. Кітап туралы мол білгіміз келеді гой. Кітап арабтың "жазу" деген сөзінен шыққан. Ол тарих шежіресі, оку- тәрбие құралы болып табылады.
Кітап жаман әдеттен аулақ болуға үндейді. Кітапты әрбір адам күнделікті тұрмысына пайдаланады. Оны оку арқылы үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алады. Сондыктан кітапты қастерлеп, құрметтеп, ең қымбат дүниеге санағанымыз жен. Кітап - сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасын, сен ерінбесең, ол да саған ақыл айтудан, үйретуден еш жалықпайтын шебер устаз. Кітап жан айнасы. Оған қарап бойынды да, ойынды да түзетуге болады. Кітап ұлы үйретуші әрі адамның ең жақын досы екенін айтып өтті.
#ӘЛЕМӘДЕБИЕТІ#