14
May
2024
Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы
14.05.24ж мектебімізде сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы болды. Сынып жетекшілерге әр түрлі жағдаяттар ұсынып, оны шешудің жолдарын кеңінен жан-жақты қарастырып, ұсыныстар айтты. Озық тәжірибелі сынып жетекшілер жас буын сынып жетекшілерге өз тәжірибелерінде бар жағдаяттарды ортаға салып, оларды шешуде педагогикалық кәсіби шеберліктің үлкен маңызы бар екендігін ерекше атап өтті. Оқушы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысын алдыңғы орынға қоятын сынып жетекшілердің жұмысына шығармашылық табыс тілейміз!