14
March
2024
"Көрісу амалы" күні
2024 жылдың 14 наурыз күні "Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде" "Көрісу амалы" күні мерекесі аталып өтілді.
Мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар ұлттық киімдерін киіп келіп, қыстан аман шығып, жаңа жылдың күлімдеген көктеміне жеткендеріне ризалықтарын көрсетіп, бір бірін айтулы мерекемен құттықтап, көрісіп, мерекенің сәнін кіргізді. Бұл дәстүрлі көрісу, яғни жыл жаңарғандағы бірінші кездесу, адамдардың былтырдан бергі бірінші көріскен күні. Осы күннен бастап былтырдан бері көріспеген адамдар бір-бірімен қол беріп, үлкен адамдар құшақтасып, төс түйістіріп, амандасып, көрісу ырымын жасайды. Үлкені кішісіне міндетті түрде «Жас қайырлы болсын!» айтады. Яғни «жалпы қауымға жаңа жыл келді, адамдарға бір жас қосылды, осы жас қайырлы болып келсін, келер жылға аман-есен жетейік» деген тілеу. Ал, өткен жылдан бері кездеспеген адамдар қашан кездессе де (наурыз басталғаннан кейін апта, ай өтуі мүмкін) бір рет көрісуі шарт
#амалмерекесі
#көрісукүні
#әзнаурыз
#наурызқұттыболсын
#біртұтастәрбие
@zhetysu_bilim
@aksu_bilim_bolimi20
@kapalakimdigi
@aksu_akimdigi
https://www.instagram.com/reel/C4gS2gQrfBQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==