23
November
2023
қол күресі
23 қараша күні, Қапал ауылдық округінде орналасқан Қапал мәдениет үйінің акт залында оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының Бас маманы Чепель Владимир Сергеевичтың. Жетекші маманы Кенесов Аят Қайратұлының, Қапал мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесіп Е.Жайсаңбаев және Ғ.Орманов а.о.м 9-10 сынып оқушылары арасында қол күресінен жарыс ұйымдастырылды!
Жарыстың құрметті қонағы Қапал ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразбеков Аманғали және Қапал мәдениет үйінің директоры Науай Әлиасқар сөз сөйлеп, жарысты ашты.
Жарыс жоғары дәрежеде өтіп, әр салмақ дәрежесі бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
55 кг.
- Сұлтан Сұнқар
- Әділнұр Ержанат
- Әзербай Мейір
55+ кг.
- Құанған Ернат
- Нуртай Нурали
- Құрманбек Жәнібек
Қыздар арасында:
- Жақсыбек Қарлығаш
- Жексенбек Құндыз
- Жексенбек Жұлдыз
Абсолютті салмақта:
- Қуанған Ернат
- Нуртай Нурали
- Сұлтан Сұнқар