26
September
2023
“Жас мамандар”
“Жас мамандар” жетекшісі А.Тұрдыбек және әдістеме жөніндегі орынбасары
К. Орынбекова 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.Мектеп директорының бұйрығымен жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер таныстырылды. Жас мамандарға қысқа мерзімді жоспарды құруға мүмкіндік беретін ережелермен таныстыру жүргізілді.
Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру мақсатында жыл бойы сабақтарға, семинарлар, коучинг, байқауларға қатысуы туралы айтылды. Жас мамандарға еңбек тәртібі , өзін-өзі ұстау мәдениеті және қоғамдық жұмысқа белсене араласу, педагогикалық ортамен тығыз байланыс орнату мәелелері ескертілді. Тәлімгерлер өздеріне бөлінген жас мамандармен жүргізетін жұмыс жоспарларын таныстырып өтті.