06
февраль
2023
Ескі заттарға жаңа өмір
18 қаңтар күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп оқушыларымен «Ескі заттарға жаңа өмір» атты шеберлік сағатын өткізді. Жеткіншектердің музей әлеміне қызығушылықтарын арттыра отырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету мақсатында өткізілген шеберлік сағатта тақырыпқа сай слайд пен бейнероликтер көрсетілді. Балалар тамашалаған бейнероликтерге сүйене отырып, практика ретінде қағаз қалдықтарынан гүлшоғы мен дискілерден ваза жасады. Олар ескі затқа жаңа өмір сыйлау да үлкен өнер екенін түсініп, қолөнерге деген қызығушылықтары артып, көркемдік шығармашылықтары дамыды.
aksu_bilim_bolimi20
aksu_bilim_bolimi20