04
September
2025
«Таза бейсенбі»
2025 жылдың 4 қыркүйегі күні сағат 09:00–18:00 аралығында өткен «Таза бейсенбі» күніне орай ұйымдастырылған сенбілікке Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектептің кіші қызметкерлері белсене атсалысты.
Олар мектеп ауласын тазалап, айналаны көркейтуге үлес қосты.
Бұл шара — туған жерімізді таза ұстап, болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің жарқын көрінісі.
Баршамыз табиғатқа жанашырлықпен қарап, осындай игі істерге бірге атсалысайық!