06
October
2022
«Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру»
Аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы оқушыларға берілетін ыстық тамақтың сапасын қадағалау мақсатында комиссия құрылып, ыстық тамақтың сапасы күнделікті қадағалауға алынып, органолептикалық бақылау жүргізіліп отырды. Комиссия құрамында мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Д.Дутбаева, әлеуметтік педагог С.Темирханова, кәсіподақ кеңесінің төрайымы Б.Усенова, ата-аналар комитетінің төрайымы А. Ергазина, мектеп медбикесі Г.Есимбекова бар. Оқушылардың нақты тамақтану рационының перспективті мәзірге сәйкес болуы қадағаланды. Асхана блоктарында сапасы төмен, сақтау мерзімі өткен азық-түлік өнімдері анықталған жоқ. Оқушылар тамақтанатын ыдыс-аяқтардың тазалығына баса назар аударылып, комиссия мүшелерімен қатаң қадағаланды.
Сондай-ақ тамақтың сапасын тексеріп, перспективалық менюге сәйкестігін тексеру мақсатында ата-аналар шақырылады.
Мектебіміздің интернет-ресурсында «Мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру» айдары ашылып, күнделікті ақпарат салынып отырады.