Материалы за Октябрь 2025 года » "Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
«Бұрымды қыз – 2025»
31
October
2025
«Бұрымды қыз – 2025»
31 қазан күні Қапал ауылдық округінің Мәдениет үйінде шын мәнінде жылы, шуақты әрі шабытқа толы «Бұрымды қыз – 2025» байқауы өтті Бұл күні зал күлкіге, сұлулыққа, ізгілікке және шынайы сезімдерге толды. Себебі сахнаға ең әдемі, талантты және нұрлы қыздар — Е.Жайсаңбаев, Ғ.Орманов атындағы мектептердің оқушылары мен Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері шықты. Байқаудың әр кезеңі — жүректен шыққан мереке іспетті болды: сәлемдесу, өнер көрсету, қазылар сұрақтарына жауап беру, үй
«Күзгі демалыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздігі»
24
October
2025
«Күзгі демалыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздігі»
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"«Күзгі демалыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздігі»тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарымен жиналысы өтті.Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың демалыс кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету,интернет кеңістігінде, көшеде және тұрмыста сақтық шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. [media=     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Ақсу Е.Жайсаңбаев Орта Мектебі (@aksuaudanesbolganzhaisanbaev) ] 
бракераж комиссиясының кезекті отырысы
23
October
2025
бракераж комиссиясының кезекті отырысы
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"оқушылардың ыстық тамақ сапасын бақылау мақсатында бракераж комиссиясының кезекті отырысы өтті.Комиссия мүшелері тағамның сапасын, дәмін, иісін, сыртқы түрін және температуралық нормасын тексерді.Нәтижесінде — тағамдар талапқа сай, таза әрі дәмді деп бағаланды. [media=     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Ақсу Е.Жайсаңбаев Орта Мектебі (@aksuaudanesbolganzhaisanbaev) ] 
"Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында эссе
22
October
2025
"Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында эссе
"Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"-Республика күніне орай "Менің Отаным – Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және туған елмен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Қатысушылар өз жүрек жылуымен жазылған әсерлі ойларын ортаға салып,патриоттық рух пен елге деген махаббаттарын көрсетті.  
«Елім деп соққан жүрегім»
22
October
2025
«Елім деп соққан жүрегім»
"Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"-«Елім деп соққан жүрегім» - атты тақырыбында Республика күніне орай өткен дебатта оқушылар елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік жайында өз ойларын ортаға салды. Карл Поппер форматында өткен пікірсайыс барысында жастар: -Елге адал қызмет ету; - Азаматтық борыш пен ұлттық рух; -Тәуелсіздік пен бірлік құндылықтары туралы өз ұстанымдарын дәлелдеді. Дебат жетекшісі С.Темирханова      Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация
Парламент отырысы
21
October
2025
Парламент отырысы
Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде" мектеп парламентінің отырысы өтті. Күн тәртібінде:  Алдағы іс-шаралардың жоспары талқыланды;  Фракциялардың жұмыс бағыттары бойынша мүшелері бекітілді Отырыс барысында белсенді оқушылар өз ойларын ортаға салып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған жаңа идеялар ұсынды.  Бұл жиын – оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытуға, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталған маңызды шара болды.  #МектепПарламенті  #ӨзінӨзіБасқару
тұрмыстық жағдайын анықтау
21
October
2025
тұрмыстық жағдайын анықтау
"Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің" тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог және әлеуметтік педагог оқушының тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында үйіне барып,тексеру жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында отбасының жалпы ахуалы, оқушының өмір сүру жағдайы мен тұрмыстық мүмкіндіктері қаралды. Акт толтырылып, тиісті ұсыныстар берілді. Бұл жұмыс – әр баланың әлеуметтік жағдайын бақылап, оған қажетті көмек көрсетуге бағытталған маңызды шара. #ТәрбиеЖұмысы #ОқушыҚамқорлығы
жас эколог
21
October
2025
жас эколог
1-сынып оқушылары жаратылыстану сабағында өсімдіктер әлемімен танысты. Балалар өсімдік мүшелерін (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс) зерттеп, олардың табиғаттағы маңызын ұғынды. Үйірме жұмысы аясында оқушылар бидай дәнін өсіріп, оның өсу кезеңдерін бақылады. Бұл тәжірибе олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, еңбекқорлығын және зерттеушілік қабілетін арттырды. #ЖасЭколог #Жаратылыстану #ТабиғатДосым #ЭкологиялықТәрбие #ӨсімдікМүшелері #БидайӨсіру @zhetysu_bilim @aksu_bilim_bolimi20  [media=  
кітап көрмесі
21
October
2025
кітап көрмесі
25 қазан – Республика күніне орай" Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде"- отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған жер мен елге деген мақтаныш сезімін арттыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге еліміздің тарихы, Тәуелсіздік жолындағы күрес, ұлы тұлғалар мен ел дамуына үлес қосқан қайраткерлер туралы құнды еңбектер қойылды. Бұл көрме – жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты қалыптастырудың тамаша тәсілі. #РеспубликаКүні  #МеніңЕлімҚазақстан  #КітапКөрмесі 
таңғы жаттығу
21
October
2025
таңғы жаттығу
21.10.2025ж " Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебінде" оқушылардың сергек көңіл-күймен күндерін бастау мақсатында таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Жаттығуды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Дәулетхан жүргізді. #СалауаттыӨмірСалты  #ТаңғыЖаттығу  #ДенеШынықтыру   #БелсендіОқушы  #HealthyLifestyle @zhetysu_bilim  @aksu_bilim_bolimi20